Халықаралық Форум
Higher Education Impact: Why Tech Is Not Enough — Empowering The Future Through Social Science and Humanities
2025 жылдың 16 сәуірде Maqsut Narikbayev University қабырғасында "Higher Education Impact: Why Tech Isn’t Enough — Empowering the Future Through Social Science and Humanities" халықаралық форумы өтеді
Форум жоғары білімнің болашағын қалыптастырудағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөліне арналған. Әлемдік трендтер технологиялар мен технократиялық тәсілді басымдыққа қойған кезде, біз маңызды сұрақ көтереміз: болашақты тек технологияларға сүйене отырып құру мүмкін бе және гуманитарлық ғылымдар тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қалай көмектеседі?
Форум жетекші ғалымдарды, зерттеушілерді, мемлекеттік сектор, бизнес және халықаралық ұйымдар өкілдерін біріктіреді. Спикерлер мен қатысушылар жоғары білім беруді дамыту перспективаларын, әлеуметтік, экономикалық және заң пәндерінің университеттердің трансформациясына әсерін және олардың қоғамның тұрақты дамуындағы рөлін талқылайды.
15+
Спикер
100+
Қатысушы
Форум жоғары білімдегі технологиялар мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзара байланысына бағытталған. Біз заманауи әлемнің басты мәселесін көтереміз:
Технологиялар – дамудың жалғыз қозғаушы күші бола алмайды, ал гуманитарлық білім тұрақты болашақтың негізі болып табылады.
Форумның негізгі тақырыптары:

🔹 Технологиялық трансформация дәуіріндегі жоғары білімнің болашағы: бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігінде әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі.

🔹 Жасанды интеллект және құқықтық білім: дәстүрлі заңгерлік мамандықтардың жойылуы ма, әлде заңгерлер үшін жаңа шындық па?

🔹 Қаржы технологиялары және білім экономикасы: университеттер цифрлық экономикаға қалай бейімделуде?

🔹 Лингвистика және жаһандық коммуникациялар: жасанды интеллект пен машиналық аударма дәуірінде тілдік әртүрлілікті сақтау.

🔹 Технология vs гуманитарлық ғылымдар: технократияға қарай шектен шығудың алдын алу және білім теңгерімін қамтамасыз ету жолдары.

🔹 Академиялық еркіндік және институционалдық даму: ғаламдық сын-қатерлер жағдайында университеттердің тәуелсіздігі.

Қатысушыларды тіркеу
Іс-шараға қатысу үшін нысанды толтырыңыз:
Форум бағдарламасы
Маңызды күндер:
  • 7 наурыз, 2025
    Форумның жариялануы
    01
  • 7 – 10 наурыз, 2025
    Қатысушыларды тіркеу
    02
  • 16 сәуір, 2025
    Форум күні
    03
Негізгі спикерлер
Dr Abhimanyu Sharma
Неміс лингвистикасы кафедрасының Teaching Associate, University of Cambridge
Роман Бевзенко
PhD, заң фирмасының серіктесі
Саясат Нурбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Кайрат Молдашев
PhD, Associate Professor
Показать всех
ӘЛЕУМЕНТТІК ЖЕЛІЛЕР
БАЙЛАНЫСТАР
info@mnu.kz
+7 - (717) - 270 - 30 - 30
+7 - (700) - 170 - 30 - 30