Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаровпен кездесу
Наурыздың 12-сі күні М.С Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде Media Club Qazaqstan мүшелері мен Алматы, Орал, Қарағандының БАҚ өкілдері Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаровпен кездесу өткізді.
Кездесуде БАҚ-тың ақпараттық легі қандай болуы қажет, профессионалды этиканың сақталуы, жеке субъективті пікірінен алшақтап, объективті критикаға қалай жетуге болады деген мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар Министрмен 2 сағаттай қызу, еркін форматта сұрақ-жауап алысып, әркім өзінің көзқарасын, пікірін жеткізді.