Конкурсқа қатысудың толық шарттары төменде келтірілген.
Конкурстық іріктеу үміткерді кешенді бағалау негізінде жүргізіледі: ҰБТ балдары (неғұрлым жоғары болса – соғұрлым жақсы), құжаттар, қажет болған жағдайда сұхбат, сондай-ақ аннотацияның мазмұны мен ресімделуі, оны таныстыру және комиссия алдында қорғау. Қорытынды қорғау ауызша баяндама жасауды, сұрақтарға жауап беруді және тақырыпты таңдаудың негіздемесін қамтиды.
Байқау аясында ішкі білім беру грантын тағайындау үшін ұсынылатын барлық жазбаша жұмыстар міндетті түрде TURNITIN жүйесі арқылы плагиатқа тексеріледі. Назар аударыңыз: мәтіннің жоғары деңгейдегі түпнұсқалығы бағалау критерийлерінің бірі болып табылады. Жұмыстарыңыздың өзіңіз тарапынан жазылғанына және пайдаланылған дереккөздерге дұрыс сілтемелер жасалғанына көз жеткізіңіз.
Маңызды: жүлделі орындар саны шектеулі.
Расул:
Maqsut Narikbayev University Scholarship дегеніміз не?
Admission:
Maqsut Narikbayev University Scholarship — бұл бакалавриат бағдарламаларына түсетін талантты және ынталы талапкерлерді қолдауға бағытталған ішкі олимпиада.
Берик:
Мақсаты қандай?
Admission:
Олимпиада талапкердің академиялық жетістіктеріне, мотивациясына, көшбасшылық қабілеттері мен әлеуметтік белсенділігіне қарай оқу ақысын толық өтеу мүмкіндігін береді.
Асель:
Кімдер қатыса алады?
Admission:
ҰБТ-да жоғары балл жинаған мектеп түлектері;
Олимпиада жүлдегерлері, белсенділер, еріктілер;
ХЭМ, ҚЖМ және ЖГМ мамандықтары бойынша түсуге ниет білдірген талапкерлер
Бірінші кезеңге қатысу үшін келесі құжаттарды жүктеу қажет:
ҰБТ сертификаты
Мотивациялық хат
Ұсыныс хаты
Республикалық немесе қалалық олимпиадалардағы жүлделі орындар мен қатысу туралы дәлелдер
(Maqsut Narikbayev University Scholarship-ке қатысу үшін бейіндік пәндер бойынша талаптарға сәйкес келетін ҰБТ сертификатын ұсыну қажет. Жоғары ҰБТ ұпайы қосымша артықшылықтар береді).
(Қалалық және республикалық олимпиадаларға қатысу немесе жүлделі орындарға ие болу міндетті талаптардың бірі емес, алайда қосымша артықшылық береді. Егер мұндай құжаттар бар болса – растайтын құжатты жүктеу қажет).
Мотивациялық хатқа қойылатын талаптар:
Шрифт - Times New Roman
Кегль (өлшемі) - 12
Жоларалық интервал- 1.5
Сөз саны - 500 сөзден кем емес
Эссе құрылымы - кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды
Стиль: ресми іскерлік стиль (Сленг, жаргондық қолданыстар мен грамматикалық қателерден аулақ болыңыз)
Тілдер: оқу тілінде жазу
Жазу тілі таңдалған білім беру бағдарламасының тілімен анықталады
Ұсыныс хатқа қойылатын талаптар:
Фирмалық бланк
Ұсынушының қолы (Директор, меңгеруші, сынып жетекшісі, академиялық куратор)
Ұйымның мөрі
ҰБТ сертификаты бойынша қойылатын талаптар:
Шекті баллдар бойынша талаптарға сәйкестігі
Таңдалған мамандыққа сәйкес бейінді пәндердің сәйкестігі
ҰБТ сертификатының PDF нұсқасын жүктеу
Ескерту: ҰБТ бойынша жоғары ұпай қосымша артықшылықтар береді
Аннотация
Рәсімдеу талаптары:
Қаріп – Times New Roman,
Кегль – 14,
Жоларалық интервал – 1.0,
Қызыл жол – 1,25 см,
Ені бойынша туралау,
Көлемі - 3-5 бет,
Титулдық бетте міндетті түрде талапкердің тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс тақырыбы, оқу орнының атауы және таңдалған мамандық көрсетілуі керек.
Аннотация дегеніміз не және ол нені қамтиды:
Аннотация — бұл оқырманға оның мәнін тез түсінуге көмектесетін жұмыстың қысқаша мазмұны.
Кіріспе
Жұмыстың мақсаты
Тақырыптың өзектілігі
Әдістер
Қолданылған әдістердің қысқаша сипаттамасын беріңіз (мысалы: эксперимент, деректерді талдау, модельдеу, сауалнамалар және т.б.)
Негізгі нәтижелер
Зерттеудің негізгі қорытындылары
Деректер және нақты нәтижелер (қажет болған жағдайда)
Қорытынды
Жұмыстың практикалық маңыздылығы
Болашақ зерттеулер перспективалары
Дайындық тақырыптары
Finance, Economics, Management, Marketing, IT in Business
Applied Microeconomics
Gender Economics
Behavioral Economics and Finance
Investment and Risk Management
International Relations
Regionalism in Central Asia
Central Asia in Global Governance
Global Infrastructure and Development Initiatives
Cybersecurity, Digital Risk, Media in Politics
Құқықтану
Құқық немесе әділеттілік қатынасы
Интернет құқығы бар ма?
Халықаралық құқық
Халықаралық құқық – бұл күш құқығы ма, әлде әділет құқығы ма?
Сөз еркіндігі – адамның негізгі құқықтарының бірі.
Туризм, Қонақжайлылық
Қазақстандағы ауыл туризмін дамыту мәселелері мен келешегі
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм мен рекреацияны дамыту ерекшеліктері
Психологиялық туризм: Қазақстанда енгізу перспективалары
Туристік индустрияда аутсорсингтік технологияларды қолдану
Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру факторы ретінде
Тарихи-мәдени ресурстардың аймақтық және халықаралық туризмді дамытуға әсері
Мейрамхана бизнесіндегі клиенттік тәжірибені басқару стратегиялары
Тамақ қалдықтарын азайту стратегиясы
Қазақстандағы мейрамхана және қонақ үй бизнесінде кадрлық мәселелерді шешу
Тамақтану және орналастыру объектілерінің инновациялық тұжырымдамалары
Қонақжайлылық индустриясының нысандарын ілгерілетудегі қауымдастықтардың рөлі
Туризм және қонақжайлылық саласындағы BPNL қызметтері
Мейрамхананы жарнамалаудың SMM стратегиясы
Қазақстандағы ауылдық жерлерде туризмді дамыту, даму жолдары, қажетті ресурстар және дамыту арналары
Табиғи туризм мәселелері, экологиялық мәселелер және биоәртүрлілікті сақтау
Цифрлық технологиялардың отбасылық қатынастарға әсері
Моральдық нормалардың сыбайлас жемқорлық тәжірибесіне әсері
Билік және басқару шешімдерінің психологиясы
Оқу процесіндегі эмоционалды реттеу
Оқытудағы геймификация және оқушыларды ынталандыру
Жоғары оқу орындарының студенттерін ынталандыру
Өзін-өзі реттейтін оқыту
Отбасы институтының өзгеру
Applied Linguistics and Translation Studies
Product-Based Translation Issues
Multimodal Texts
Professional Terminology
Cognitive Metaphors
Teaching Foreign Languages
Innovations in Higher Education
Using Technologies in Teaching
Curriculum Design
Use of AI in Teaching
Communicative Language Teaching Approach
Teaching in Higher Education
Corpus Linguistics
Critical Discourse Analysis in Social Science Research
Language Policy and Planning
Semantics and Pragmatics of Linguistic Units
Syntax
Comparative Studies of Languages
3 кезең – Презентация қорғау
Жеке онлайн сұхбат және презентацияны қорғау
Үшінші кезеңде талапкерлер жеке онлайн сұхбаттасудан өтеді және комиссия алдында өздерінің зерттеу жұмыстарын қорғайды.
Әрбір үміткер:
Таңдаған білім беру бағдарламасына сәйкес, өз зерттеу тақырыбы бойынша презентация дайындауы қажет;
Зерттеудің мақсаттары, әдістері және күтілетін нәтижелерін нақты көрсетуі тиіс;
Комиссияның сұрақтарына жауап беріп, таңдалған тақырыптың өзектілігін дәлелдеуге дайын болуы керек.
Қорғау кезінде визуалды материалдарды (слайдтар, графиктер) қолдану ұсынылады. Презентацияның ұзақтығы – 15 минуттан аспауы тиіс, уақыт өткеннен кейін комиссиядан сұрақтар қойылады (5 минутқа дейін).