Университет ғимараты ауқымдылығымен және әсемдігімен ерекшелене отырып, бағаналарымен, балкондары және сәтті таңдалған түс үйлесімімен таң қалдырады. 2008 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақ гуманитарлық-заң университетінің жаңа оқу корпусының ашылуы өтті.
Салтанатты шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қайрат Келімбетов, Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов, КазГЮУ президенті Мақсат Нәрікбаев қатысты.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысы университет мұражайымен, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті баспасының ақпараттық-кітап сауда орталығымен, бірқатар дәріс аудиторияларымен танысты. Н. Назарбаев сондай-ақ ислам экономикасы және құқық орталығын және Еуропалық құқық орталығының кабинетін аралап шықты.