Жаңа нәрселерді сынауға деген ұмтылыс Мақсұт Сұлтанұлын теңіз тереңдігін зерттеуге әкелді. Осылайша ол су асты әлемін ашты, оның сұлулығы әсіресе білімге құштар адамдарды баурап алады.
Мақсұт Сұлтанұлы жекпе-жектің дамуын қолдады, мүмкіндігіне қарай өзі де айналысып, соның ішінде каратэде өзін сынап көрді.
Коронавирустың әлемдік пандемиясы, жан-жақты карантин және әртүрлі елдердегі құрбандардың айтарлықтай саны аясында М.С. Нәрікбаевтың соңғы бастамаларының құндылығы ерекше айқындалуда. Ол айықпас ауруға шалдыққан кезде, Мексикада емделіп келгеннен кейін елге белгілі мексикалық дәрігерді шақырып, оның Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездесуін ұйымдастырып, сондай-ақ оның кітаптарын қазақ тіліне аударып, Қазақстанда басып шығару үшін барлық мүмкіндіктерді жасады – бұл әрекеттердің барлығы көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылды. Мүмкін, бұл әрекеттер біреуге шын мәнінде көмек болған болар...